«Қостанай транстелеком» АҚ филиалының қызметкерлеріне «Тегін заң көмегін көрсету» акциясы

«Қостанай транстелеком» АҚ филиалының қызметкерлеріне «Тегін заң көмегін көрсету» акциясы

Қазақстан Республикасы Конституциясының Республикалық референдумда қабылданған ережелерін түсіндіру, сондай-ақ халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында 2026 жылы 7 қыркүйекте Ақмола облысы Әділет департаментінің Есіл ауданаралық аумақтық атқару бөлімінің өкілдері «Қостанай транстелеком» АҚ филиалының қызметкерлеріне «Тегін заң көмегін көрсету» акциясын өткізді.
Аталған акция барсында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері түсіндіріліп, әділет органдарының қызметіне, халыққа құқықтық көмек көрсетуге, нотариаттық қызметке және сот актілерін орындауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шараның негізгі бөлігі аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, жеке өтініштер қаралды және қажетті құқықтық қолдау көрсетілді.