
Ақмола облысының Әділет департаменті Ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірлесіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ғимаратында отандық өндірушілер үшін тауар белгілерін, өнеркәсіптік үлгілерді және географиялық нұсқамаларды тіркеудің өзекті мәселелеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар тауар белгілерін тіркеу және брендтерді қорғау, географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылатын жер атауларын тіркеу, бизнесті жосықсыз бәсекелестіктен қорғау, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншікті бизнесті дамыту құралы ретінде пайдалану мәселелері бойынша ақпарат алды.