«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу» тақырыбында семинар

«Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу» тақырыбында семинар

2026 жылғы 26 тамызда Ақмола облысының Әділет департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының қалалық және аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімдерінің қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында филиалдың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын сақтау бойынша қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде орын алуы мүмкін бұзушылықтар талқыланды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау және олардың бұзылуына жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Филиал қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді.