«Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы төлемге өтінім білдіру бойынша

«Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы төлемге өтінім білдіру бойынша

2026 жылғы 31 шілдеде Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен «Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2026 жылғы 26 маусымдегі № 606 бұйрығының талаптарын қадағалау бойынша семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы төлемге өтінім білдіру бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығын орындау болып табылады.
Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға Департамент өкілдерімен тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі