Ақкөл ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі аудандық кітапханасында аудан әкімдігі қызметкерімен бірлесіп жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу аясында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері баяндалды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Іс-шараның мақсаты – конституциялық өзгерістердің маңыздылығын түсіндіру және азаматтарды Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері туралы хабардар ету.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі