«Құқықтық көмек күні» акциясы

«Құқықтық көмек күні» акциясы

2026 жылғы 10 шілдеде азаматтарды білікті және қолжетімді кеңес беру сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтарын түсіндіру мақсатында Ақмола облысының Әділет департаменті облыстық полиция департаментімен бірлесіп, жеке нотариус, және сот орындаушы мен заң консультанттарының қатысымен Ақмола облысының «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалында «Құқықтық көмек күні» акциясын ұйымдастырып өткізді.
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының мүшелері мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекет кепіл берген заң көмегі, кешенді әлеуметтік заң көмегін алу, мұраны ресімдеу және атқарушылық жазбаны жасау, алименттік төлемдерді өндіріп алу, азаматтық хал актілерін тіркеу, сондай-ақ басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер алды.

Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі