
2026 жылғы 2 шілдеде Ақмола облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен нотариустарға арналған ZOOM платформасы арқылы онлайн-кеңес өткізілді.
Кеңестің негізі – ҚР нотариустары шетелдік ресми құжаттарды куәландыру кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Іс-шара барысында шетелдік ресми құжаттарды куәландыру тәртібі, оларды рәсімдеу кезінде заң талаптарын сақтау, сондай-ақ тәжірибеде кездесетін өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды.
Онлайн-кеңесте нотариустар кәсіби қызмет барысында туындайтын мәселелер бойынша пікірмен бөлісті.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі