
2026 жылдың 18 маусымында Ақмола облысы Әділет департаменті «Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі комерциялық емес ұйым» жеке мекемесінің басшысы Л.Ю.Балмағамбетованың қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Ақмола облыстық орыс драма театрының өкілдеріне арналған ZOOM конференциясында Біріңғай цифрлық платформаны енгізу, авторлық құқық заңнамаларды және құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарымен орындау қажеттілігі мақсатында тиісті келісімдер жасау сондай-ақ отандық және шетелдік шығармаларын көпшілік алдында орындау заңнамалары түсіндірілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі