
Ақмола облысы Әділет департаментінің өкілі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының тыңдаушыларына дәріс оқыды.
Дәріс барысында жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары түсіндіріліп, конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері талқыланды.
Кезлесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, пікірталасқа алмасты.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі