«ЗАҢ МЕН ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

«ЗАҢ МЕН ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттің дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып жүрген барлық мемлекеттік қызметшілерге алғысымызды білдіреміз.

         Әділет органдары жүйесінде сот орындаушыларының орны ерекше. Олардың қызметі сот актілері мен өзге де атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

         Ақмола облысы Әділет департаментінің тәжірибелі мемлекеттік қызметшілерінің бірі – Есіл ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің басшысы - аға сот орындаушысы Руслан Андреевич Загоруйко.

         Руслан Андреевич 1989 жылғы 9 қыркүйекте Ақмола облысының Целиноград қаласында дүниеге келген. 2011 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011-2015 жылдары ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

         Әділет органдарындағы еңбек жолын 2016 жылы Ақмола облысы Әділет департаментінің Жақсы ауданы сот актілерін орындау жөніндегі аумықатық  бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы қызметінен бастаған.

         Сот орындаушысының мамандығы мемлекеттік қызметтегі ең күрделі әрі жауапты қызметтердің бірі болып саналады. Себебі сот шешімдерінің нақты орындалуы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің соңғы әрі маңызды кезеңі болып табылады. Күн сайын сот орындаушысы кәсібилікті, қағидатшылдықты, сабырлылықты және заң талаптарын мүлтіксіз сақтауды қажет ететін түрлі күрделі жағдайлармен жұмыс істейді. Оның қызметінің нәтижесі азаматтардың сот төрелігі мен мемлекеттік институттарға деген сеніміне тікелей әсер етеді.

         Қызмет жолында Руслан Андреевич өзін білікті, жауапты және қағидатшыл маман ретінде көрсете білді. Міндеттерін адал атқарғаны, жоғары кәсібилігі мен қол жеткізген нәтижелері үшін грамотасымен және алғыс хатпен марапатталған. Әріптестері оны кәсібилігі, жұмысына адалдығы және жас мамандарға тәжірибесімен бөлісуге әрдайым дайын болатын қасиеті үшін құрметтейді.

         Отбасылық өмірінде де Руслан Андреевич көпшілікке үлгі бола алады. Ол отбасылы, ұлын тәрбиелеп өсіруде және қызметтік міндеттері мен отбасы алдындағы жауапкершілігін үйлестіре білуде. Олардың отбасы Руслан және Назерке  әділет органдарда құрылған, аталған бөлімінде Назерке мемлекеттік қызметкер болып жұмыс істеген.

Руслан Андреевич ұлы Жанның тәрбиесіне ерекше мән береді, оның бойында жауапкершілік, тәртіп және мақсатқа ұмтылу сияқты қасиеттерді қалыптастыруды маңызды санайды.

         Жан Есіл қаласындағы №2 орта мектептің оқушысы, бірінші сыныпты сәтті аяқтады. Оқуымен қатар джиу-джитсумен айналысады және Есіл қаласындағы музыка мектебінде вокал сыныбында білім алады. Оның түрлі марапаттары мен жетістіктері бар.

         Руслан Андреевич мемлекеттік қызметке адалдықтың, кәсібиліктің және жауапкершіліктің жарқын үлгісі болып табылады. Оның еңбегі мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

         Кәсіби мереке қарсаңында барлық мемлекеттік қызметшілерге зор денсаулық, амандық және қызметтеріңізге табыс тілеймін.

 

Э. Қабышев,

Ақмола облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары –

Әдеп жөніндегі уәкіл