
“Азаматтарға арналған үкімет “мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен бірлесіп, Ақмола облысының Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы «Заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында туындайтын проблемалық мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бақылау жұмыстарын жетілдірі, мемлекеттік тіркеу рәсімдері кезінде орын алатын кемшіліктердің алдын алу және электронды қызметтердің үлесін көбейту мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, заңнама талаптарын сақтау мен қызмет көрсету тиімділігін арттыру бағытында ұсыныстарын білдірді.