
Халыққа заң көмегін көрсету, сондай-ақ заңнамасының өзекті өзгерістерін түсіндіру мақсатында, 2026 жылғы 16 маусымда Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Әубакір Тілеген Ерақұлы Астрахан ауданы тұрғындарымен келесі елді мекендерде кездесулер өткізеді:
- Сағат 10:00-де – ауылдық Мәдениет үйі ғимаратында, мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Николаев ауылдық округі, Петровка ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, 35 үй;
- Сағат 12:00-де – «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылы орта білім беретін мектебі» КММ ғимаратында, мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Новочеркасск ауылдық округі, Новочеркасск ауылы, Берлик тұйық көшесі, 1 үй;
- Сағат 15:00-де – ауылдық Мәдениет үйі ғимаратында, мекенжайы: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылдық округі, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі, 2-үй.
Іс-шараға әкімдік өкілдері, адвокат, нотариус, заң кеңесшісі және жеке сот орындаушысы қатысады.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өтеді.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық пошта арқылы жолдауға болады: d.ibraeva@adilet.gov.kz, сондай-ақ Ақмола облысы Әділет департаментінің телефон арқалы хабарласуға болады: 8 (7162) 25-00-18, 8 701 536 5903.