Кондоминиумды мемлекеттік тіркеу

Кондоминиумды мемлекеттік тіркеу

Кондоминиумды мемлекеттік тіркеу — бұл үй тұрғындарының ортақ мүлікке: кіреберістерге, шатырға, жертөлеге, лифтілерге және үй маңындағы жер учаскесіне ресми құқықтары пайда болуы үшін құжаттарды ресімдеу.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін: тікелей бірлесіп басқаруды және мүліктің меншік иелері бірлестігін таңдауға міндетті.

Қазақстанда кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін пәтер иелерінің жалпы жиналысының шешімі (кемінде 50% дауыс) және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ (ХҚКО) өтініш беру немесе электрондық үкімет порталы арқылы онлайн тапсыру қажет.

Кондоминиумды тіркеудің қадамдық алгоритмі:

1-қадам. Тұрғындар кондоминиумды тіркеу туралы шешім қабылдап, уәкілетті өкілді таңдайтын жалпы жиналыс өткізеді. Шешім меншік иелерінің 50%-дан астамы қолдаса, қабылданды деп есептеледі. Нәтижесі хаттамамен ресімделеді.

2-қадам. Рәсімдеу үшін мыналар қажет: белгіленген нысандағы жазбаша өтініш, тұрғындар жиналысының хаттамасы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіретін құжаттар (жерге акт, кадастрлық паспорт), мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.

3-қадам. Кондоминиумды тіркеуді екі тәсілмен жүргізуге болады:  Онлайн: электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы «Азаматтарға» → «Жылжымайтын мүлік» → «Сатып алу, сату, жалға беру» бөліміндегі «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметі. Құжаттар сапалы сканерлер түрінде тіркеледі. 

Екінші тәсіл — офлайн: халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) жақын маңдағы бөлімшесі, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы.

Қызмет көрсету мерзімі: egov.kz порталында — 1 жұмыс күні. ХҚКО арқылы — 3 жұмыс күніне дейін.

 

 

Коммерциялық емес ұйымдарды

тіркеу және тіркеу қызметі

саласындағы бақылау бөлімінің

жетекші маманы                                                                                            

Ф. Хасанова