
2026 жылғы 5 маусымда Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы «АМANAT» партиясының «Aqmola Women Congress» әйелдер қанатымен бірлесіп, «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің өңірлік конгресіне қатысты.
Аталған іс-шараға 500-ге жуық адам, оның ішінде кәсіпкер әйелдер, мемлекеттік қызметшілер, сот жүйесінің өкілдері, әр түрлі ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту, көшбасшылық әлеуетті арттыру, кәсіби біліктілікті жетілдіру, сондай-ақ әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайту мәселелері талқыланды.
Аталмыш конгресс қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға, өзара ынтымақтастықты дамытуға және жаңа бастамаларды іске асыруға бағытталған тиімді диалог алаңына айналды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі