
2026 жылғы 4 маусымда Ақмола облысы Әділет департаментінде «Терроризмнің алдын алу және терроризмге қарсы заңнаманы сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында терроризм қаупі туындаған жағдайда өзін-өзі ұстау қағидалары мәселелері қарастырылып, қажетті іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.
Сондай-ақ баяндамашы ұйымдарда профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге қойылатын талаптарды жан-жақты түсіндірді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі