Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері Бурабай ауданының тұрғындарына түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері Бурабай ауданының тұрғындарына түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Бурабай ауданының аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімінің қызметкерлері Ақмола облысы Біржан сал ауданы "Мансап орталығы" филиалының жұмыссыз азаматтарымен және қызметкерлерімен көшпелі кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ жүргізіліп жатқан Конституциялық қайта құрулардың негізгі бағыттары түсіндірілді. Қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және құқықтық мәселелер бойынша білікті түсініктемелер мен кеңестер алуға мүмкіндік берілді. Мұндай көшпелі іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және халық үшін құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.