Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қан тапсыру жөніндегі волонтерлік акцияға қатысты

Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері қан тапсыру жөніндегі волонтерлік акцияға қатысты

Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған қан тапсыру жөніндегі волонтерлік акцияға қатысты.
Акцияға қатысу – әлеуметтік жауапкершіліктің, азаматтық белсенділіктің және адалдық, адамгершілік пен қоғамға қызмет ету қағидаттарына негізделген «Адал азамат» құндылықтарына бейілділіктің көрінісі болды.
Қанды ерікті түрде тапсыру – денсаулық сақтау жүйесін қолдауға және донорлық қанға мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге қосылған маңызды үлес болып табылады.