Ақмола облысының жекеше нотариустарымен атқарушылық жазба жасау тәртібі мәселесі бойынша семинар

Ақмола облысының жекеше нотариустарымен атқарушылық жазба жасау тәртібі мәселесі бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 20 мамырда Ақмола облысының Әділет департаменті Ақмола облысының жекеше нотариустарымен атқарушылық жазба жасау тәртібі мәселесі бойынша семинар өткізді.
Микроқаржы ұйымдарымен мәмілелер негізінде атқарушылық жазба жасау кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қатысушылары борышкерге атқарушылық жазбаны жіберудің бірыңғай практикасы және оның күшін жою мәселелерін талқылады.


Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі