
2026 жылғы 14 мамырда Ақмола облысының Әділет департаменті мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, сондай-ақ Ақмола облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қатысуымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында Ақмола облысының прокуратурасынан келіп түскен іздеуде жүрген борышкерлерге қатысты атқарушылық өндірістер бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі сот орындаушыларына оны мүлтіксіз сақтау мақсатында жеткізілді.
Қатысушылар жұмысты үйлестіру тетіктерін және іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
Жеке сот орындаушыларының борышкерді іздеуге жариялау кезінде полиция органдарына құжаттардың толық пакетін жолдауы, полиция органдары мен жеке сот орындаушылары арасындағы өзара іс-қимыл, жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ іздестірудегі атқарушылық өндірістер бойынша бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.