Әділет министрі Мәжілісте «Президенті туралы» конституцялық заң жобасын таныстырды

Әділет министрі Мәжілісте «Президенті туралы» конституцялық заң жобасын таныстырды

2026 жылғы 8 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Өз сөзінде Ерлан Сәрсембаев заң жобасы «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» конституциялық формуласына негізделген мемлекеттік басқарудың заманауи әрі орнықты моделін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Жоба мемлекеттік биліктің жаңартылған конституциялық архитектурасы жағдайында Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызмет тетіктерін жүйелі түрде айқындайды.
Заң жобасында президенттік институтқа қатысты бұрын енгізілген демократиялық шектеулер, оның ішінде Президент өкілеттігінің жеті жылдық бір реттік мерзімі, Мемлекет басшысының партияда болмауы туралы талаптар, сондай-ақ оның жақын туыстарына қатысты шектеулер сақталады. Сонымен қатар заң жобасында Президенттің Құрылтаймен, Үкіметпен, Қазақстан Халық Кеңесімен және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимылының жаңа конституциялық тетіктері бекітіледі.