
2026 жылғы 30 сәуірде Ақмола облысы Әділет Департаменті Көкшетау қалалық полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметкерімен бірлесіп, жеке сот орындаушы, адвокаттың қатысуымен Ақмола облысының «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға «Тегін заң көмегін көрсету» акциясы өткізілді.
Акция барысында азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша заң көмегі көрсетіліп, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департаменттің өкілімен мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін және кешенді әлеуметтік заң көмегін алу мүмкіндігі бойынша ақпарат ұсынылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі