
Ақмола облысының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысы Дін істері басқармасының “Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы” КММ дінтанушы-маманы Р.Кошмагамбетов қатысты.
Семинар барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу, сондай-ақ терроризмге қарсы қауіпсіздік және экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.