Борышкерлердің Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шығуына уақытша қойылған шектеуді дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамалары негізінде тоқтата тұру мәселелері бойынша дөңгелек үстел

2026 жылғы 24 сәуірде Көкшетау қалалық соты ғимаратында борышкерлердің Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шығуына уақытша қойылған шектеуді дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамалары негізінде тоқтата тұру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Көкшетау қалалық соты судьялары, Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Ақмола облысының Әділет департаменті, Ақмола облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдері және жеке сот орындаушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында борышкерлердің емделу және медициналық көмек алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу қажеттілігін растайтын дәрігерлік-консультативтік комиссия анықтамаларын ұсыну тәртібі талқыланды. Сондай-ақ Ақмола облысындағы медициналық мекемелер мен сот орындаушылары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.