«Апостиль кою желісі мен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»

«Апостиль кою желісі мен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»

2026 жылғы 24 сәуір күні Ақмола облысының Әділет департаментінің қызметкерлерімен "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының Көкшетау қалалық бірынғай байланыс орталығының қызметкерлеріне «апостиль кою желісі мен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» тақырыбына оқыту семинары өткізілді.
Семинар қатысушыларымен қызмет алушылардың бірынғай байланыс орталығына жүгінген кезде туындайтын мәселелер туралы сұрақтар қаралды.
Қойылған барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Ақмола облысының
әділет департаментінің
баспасөз қызметі