
2026 жылғы 21 сәуірде Ақмола облысы Әділет департаментінің өкілдері «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында облыстық семинарға қатысты. Іс-шарада құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Семинардың басты мақсаты – қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту.
Семинар барысында қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, құқықтық ағарту жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі