Әділет департаментіне келіп түсетін азаматтардың өтініштері санын азайту мәселесі бойынша кеңес өткізілді

Әділет департаментіне келіп түсетін азаматтардың өтініштері санын азайту мәселесі бойынша кеңес өткізілді

2026 жылғы 21 сәуірде Ақмола облысының Әділет департаменті Ақмола облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және Ақмола облысының жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, Әділет департаментіне келіп түсетін азаматтардың өтініштері санын азайту мәселесі бойынша кеңес өткізді.
Кездесу барысында сот актілерін орындауға байланысты азаматтардың өтініштерінің негізгі себептері, сондай-ақ Ақмола облысының жеке сот орындаушылары жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Атқарушылық іс жүргізу тараптарын уақтылы хабардар етуге, заңнама талаптарын сақтауға және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына азаматтармен өзара іс-қимылды жақсарту және негізді шағымдар мен өтініштер санын азайту бағытындағы жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі