«Зияткерлік меншік және спорт: дайындық,назар,инновация»

«Зияткерлік меншік және спорт: дайындық,назар,инновация»

Ақмола облысы Әділет Департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік менешік құқықтары комитеті жалпы білім беретін мектептердің 10-11 (12) сынып оқушылары,колледждің бірінші және екінші курс студенттері арасында «Зияткерлік меншік және спорт: дайындық,назар,инновация» тақырыбында фитнекске арналған спорттық киім дизайнының республикалық байқауын жариялайтынын хабарлайды.

Байқаудың мақсаты және мінтеттері–фитнеске арналған ең үздік спорттық киім үлгілерін таңдау.
-зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және насихаттау.
-жалған өнімдерді өндіру мен таратуға қарсы тұру:-жалған өнімдергетеріс көзқарас қалыптастыру:
-шығармашылық қабілеті жоғары талантты жастарды іздеу және қолдау:
-әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын жаңа идеялардың,технологиялардың және тәсілдердің маңыздылығы туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.
Өтінімдер 2026 жылдың 20 және 30 сәуір аралығында өткізіледі.(екі кезеңнен тұрады)

Жұмыстар Әділет Департаментімен 2025 жылдың 4 мамырына дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: k.sandybai@adilet.gov.kz
Жеңімпаздарды іріктеу бойынша Республикалық кезең 2026 жылғы 12-14 мамыр аралығында өткізіледі.

Конкурс туралы ереже қоса беріледі.