«Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі»

«Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі»

Адвокатура және нотариат саласында аумақтық Әділет органдарымен 2 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі, олар «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу».

Жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Адвокат жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Аттестаттаудан өтпес бұрын үміткерге адвокатта не нотариуста тағылымдамадан өту қажет, оның мерзімі адвокаттық қызметпен айналысу үшін алты айдан бір жылға дейін, ал нотариаттық қызпетпен айналысу үшін кемінде бір жылды құрайды.

Аттестаттауға қалау өтініш беруге болады?

Тағылымдама сәтті аяқталғаннан кейін үміткер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (www.egov.kz, www.elicense.kz) тиісті Әділет аумақтық  органына электронды өтініш жолдайды.

Құжаттарды қарау процессі:

1 (бір) жұмыс күні ішінде Әділет қызметкері құжаттарды тіркейді, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген  сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне түседі.

Кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру жүргізіледі. Емтиханға жіберу туралы шешім қабылдаудың жалпы мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

Кандидат біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда аттестаттауға SMS арқылы және e-license жеке кабинетіне аттестаттаудың өткізу күні, уақыты және орны көрсетілген хабарлама арқылы хабарланады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерімен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады. Ережелер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 және № 62 бұйрықтарымен бекітілген.

Емтихан қалай өтеді?

Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

1 кезең - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу.

Тесттілеудің аталған кезеңіне 100 сұраққа 90 минут бөлінеді. Тестілеудің екінші кезеңіне өту үшін сұрақтардың кем дегенде 70% (70 балл) жұрыс жауап беру қажет.

2 кезең - Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу.

Бұл кезең үміткерлдің практикалық дағдыларын тексеруге бағытталған. Үміткерге 3 ситуациялық тапсырма шешу ұсынылады. Тапсырмаларды шешуге 30 минут бөлінеді. Осы кезеңнен өтудің шекті деңгейі дұрыс жауаптардың 65%-ын құрайды, бұл ұсынылған 12 сұрақтың 8 дұрыс жауабы.

Барлық сұрақтар 1 дұрыс жауаптың кем дегенде 3 нұсқасын камтиды. Емтихан материалдарының мазмұны құпия болып табылады және жария етілмейді.

Нәтижелер және қайта тапсыру.

Тестілеу аяқталғаннан кейін Тестілеу операторы үміткермен жиналған балдар көрсетілген сертификат ұсынады. ЭЦҚ кілтпен куәландырылған анықтама құжат нысанындағы ресми шешім  кандидаттың жеке кабинетіне жіберіледі.

Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда аттестатау туралы шешім 3 (үш) жыл бойы жарамды болып табылады.

Егер тестілеу кезеңдерінен өтпеген жағдайда, үміткердің 3 (үш) айдан кейін қайта тестілеуден етуге құқығы бар.

 

 

 

 

Аққу Естай

Ақмола облысы

Әділет департаментінің бас маманы