
2026 жылғы 10 сәуірде Ақмола облысының Әділет департаменті Ақмола облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен, Ақмола облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасымен және Ақмола облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп «Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру және борышкерлердің атына тіркелген автокөлік құралдарын іздеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында Ақмола облысының жеке сот орындаушылары, полиция органдары және Әділет департаменті арасындағы өзара тиімді іс-қимылды арттыру, сондай-ақ алимент төлемдерін өндіру туралы атқарушылық құжаттардың орындалу нәтижелілігін күшейту мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша борышкерлер мен олардың атына тіркелген автокөлік құралдарын анықтау мақсатында полиция органдары, жеке сот орындаушылары және Әділет департаменті арасындағы бірлескен іс-қимыл алгоритмі әзірленді.