Ақмола облысының Әділет департаменті Ақмола облысының нотариустары, адвокаттары мен заң кеңесшілерінің қатысуымен семинар өткізді. Семинар тақырыбы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау тақырыбына арналды.
Семинар барысында қатысушыларға қаржы мониторингі субъектілерінің негізгі міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер және бейіндік заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді.