
2026 жылғы 27 наурызда Ақмола облысының Әділет департаментінің қызметкерлері отбасының цифрлық картасын және бірыңғай цифлық платформаны іске асыру мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ басқармалардын және департаменттердің басшылары қатысты.
Кеңес барысында ведомствоаралық өзара іс-қимыл, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік салада цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды.