
2026 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығымен Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы болып Досанова Раушан Серікбайқызы тағайындалды.
Досанова Раушан Серікбайқызы 1977 жылғы 17 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде маман болып бастаған.
2000 жылдан бастап әділет органдарында мемлекеттік қызмет атқарып келеді, әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және Шымкент қаласының Әділет департаментінде басшылық қызметтер атқарған.
Әділет органдарында мол тәжірибеге ие, бұл әділет органдарына жүктелген міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.