«Е-Апостиль» мемлекеттік қызметі»

«Е-Апостиль» мемлекеттік қызметі»

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету – әділет органдарының жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің басты қағидаттарының бірі – барлық азаматтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру.

Мысал ретінде аумақтық әділет органдары көрсететін «Казақстан Республикасының Әділет органдары мен өзге де мемлекеттік органдардан, азаматтық хал актілерін  және өзге де мемлекеттік органдарынан сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін келтіруге болады.

Ең алдымен апостиль – бұл құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығын, оның өкілеттігін, сондай‑ақ құжатта қойылған мөрдің немесе мөртабанның шынайылығын растайтын арнайы мөртабан екенін атап өту жөн.

Апостиль Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ресми құжаттарды пайдалану кезінде маңызды рөл атқарады, өйткені ол олардың түпнұсқалығын растайды.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметті дұрыс алу ерекше маңызға ие.

Бұрын бұл мемлекеттік қызмет тек қағаз түрінде көрсетіліп, электрондық форматта алу мүмкіндігі болмаған.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік қызметті қағаз түрінде ғана емес, электрондық форматта да алу мүмкіндігі берілді, өйткені қызмет көрсету процесі автоматтандырылып, жетілдірілді.

Бұл ретте мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың ең аз пакеті талап етіледі: қағаз түріндегі өтініш немесе қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш, апостиль қоюға жататын құжат (электрондық өтініш берген жағдайда апостиль қоюға жататын құжаттың сканерленген көшірмесі электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі), мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат және қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

Құжаттар қағаз түрінде тапсырылған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі екі жұмыс күнін құрайды, ал электрондық үкімет порталы арқылы бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің қысқа болуы және қызметті электрондық форматта алу мүмкіндігі қолайлылықты, уақытты үнемдеуді және қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.



 

Ақмола облысының Әділет департаментінің

коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу

және тіркеу қызметі саласындағы бақылау

бөлімінің бас маманы                                                                 Д.Жахина