
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңгерлік көмек көрсету және Әділет департаментінің қызметі туралы ақпарат беру мақсатында, 2026 жылғы 19 наурызда сағат 11:00-да Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покровка ауылы, Мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Сандыбай Қият Шорманұлының тұрғындармен кездесуі өтеді.
Іс-шараға әкімдік өкілдері, адвокат, нотариус, заң кеңесшісі және жеке сот орындаушысы қатысады.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өтеді.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды мына электрондық пошта арқылы жолдауға болады:d.ibraeva@adilet.gov.kz, сондай-ақ Ақмола облысы Әділет департаментінің телефон нөмірлері бойынша: 8 (7162) 25-00-18, 8 701 536 5903.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі