Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес

Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс – шараны Әділет департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Э.Қабышев өткізді, ол кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын, оның ішінде қызметтен тыс уақытта да қатаң сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақтау қажеттігіне назар аударды.
Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге, оның ішінде Интернет желісі арқылы қатысуына тыйым салуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, кеңес аясында әкімшілік бөлімінің басшысы Д.Ибраева сөз сөйлеп, Кадрлық жұмыс, еңбек тәртібін сақтау және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын атап өтті.

Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі