
Отырыс барысында заң бейініндегі білім беру бағдарламаларын жетілдіру және жасанды интеллект технологияларын зерделеуге және қолдануға бағытталған жаңа құзыреттерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған 2026 жылы әділет органдарын цифрландыру заң қызметтерінің тиімділігін, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Департаменттің қатысуы болашақ мамандарды сапалы даярлау үшін мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі