
Ақмола облысының Әділет департаментімен "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының аудандық және қалалық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерімен «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және апостиль қою желісі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері қаралды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен құжаттар тізбесіне ерекше назар аударылды.
Қабылдау кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Қойылған барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімі