Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау, оның ішінде құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салу, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі мәселелері бойынша семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау, оның ішінде құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салу, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі мәселелері бойынша семинар

Ақмола облысының Әділет департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл А.Ержановтың төрағалығымен семинар – кеңес өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау, оның ішінде құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салу, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау қажеттілігі мәселелері қаралды.

         Сонымен қатар, семинар-кеңес шеңберінде  кадрлық мәселелерді, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және жеке заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде ҚР ӘРПК нормаларын сақтау мәселелері қозғалды.

 

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі