
2026 жылғы 28 қаңтарда Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен адвокаттары мен заң кеңесшілерінің қатысуымен «Е-Зан көмегі» ақпараттық жүйесін практикада пайдалану мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты — «Е-Зан көмегі» ақпараттық жүйесін практикалық қолдану, ақпараттық жүйенің жұмысына байланысты проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын сондай-ақ, мемлекет кепілдік берген халыққа заң көмегі бағыты бойынша 2025 жылғы жұмысының қорытындысын шығару және 2026 жылға арналған мақсаттары талқыланды.
Семинар соңында қатысушылармен сұрақтар қойылып, оларға Департамент өкілдерімен тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі