
2025 жылғы 28 қаңтарда Ақмола облысы Әділет департаментінің сот орындаушылардың қызметін реттеу және бақылау бөлімі ауданаралық мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімдерімен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында мемлекеттік сот орындаушыларының орындауында жатқан атқарушылық іс жүргізулер шеңберінде мемлекет кірісіне өндіріп алу мақсатында тыйым салынған мүлікті бағалау мәселелері қаралды. Сонымен қатар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы жеке қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тапсырмасын орындау және атқарушылық санкция өндіру туралы мемлекеттік сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізулері талқыланды.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік сот орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі