
Шаруа немесе фермер қожалығы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді қайта өңдеумен және өткізумен тығыз байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек бірлестігі ретінде танылады.
Шаруа немесе фермер қожалығы мынадай нысандарда жұмыс істей алады:
1)жалпы бірлескен меншік негізінде отбасылық кәсіпкерлік нысанында кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
2)жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы;
3)бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.
Шаруа қожалығының мүлкі, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, оның мүшелеріне бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу кезінде құқық белгілейтін құжатта осындай қожалықтың барлық мүшелері көрсетілуге тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің құрамы өзгерген кезде, оның ішінде мұрагерлікке байланысты, шығуға, жаңа мүшелерді қосылуына байланысты, шаруа немесе фермер қожалығының жаңа мүшелерінде жылжымайтын мүлікке құқықтардың туындауы және (немесе) үлес мөлшерінің өзгеруі мемлекеттік тіркеудің құқықтық кадастрында тіркелуге жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі
саласындағы бақылау бөлімінің
жетекші маманы Ф. Хасанова