
Ақмола облысының Әділет департаменті Ақмола облысының Полиция департаментімен бірлесіп, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде заң клиникасының базасында «Интернет-алаяқтардың қылмыстық әдістерінен өзін және жақындарын қалай қорғауға болады. Дроппер деген кім және дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында іс-шара өткізді.
Құқық қорғау органдарының өкілі бүгінгі күні онлайн-алаяқтық кең таралған құқыққа қайшы әрекеттердің бірі екенін атап өтті. Алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында іс-шараға қатысқан дропперлер туралы фильм көрсетілді. Студенттерге банк деректерін бөгде адамдарға берудің қауіптілігі ескертілді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі