
2025 жылғы 25 желтоқсанда қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясы шеңберінде Әділет департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызметтер департаментімен бірлесе отырып, «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ» Ақмола облысы бойынша филиалының Көкшетау қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінде «Ашық есік күні» акциясы шеңберінде адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушысының қатысуымен азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.
Акция барысында азаматтарға зейнетақы төлемдері бойынша, заң көмегін көрсету, банк шоттарына тыйым салу және оны алу, алимент өндіру және басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетілді.
Департамент өкілі азаматтарға цифрлық көмекші (чат-бот) арқылы заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат берді, сондай-ақ білікті заң көмегін, оның ішінде кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі мен мүмкіндіктерін түсіндірді.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі