«Адвокат қызметіндегі арнайы білім: жалпы сұрақтар мен қиындықтар»

«Адвокат қызметіндегі арнайы білім: жалпы сұрақтар мен қиындықтар»

 

 Ақмола облысының Әділет департаменті Көкшетау қаласында Ақмола облыстық адвокаттар алқасы мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бірлесуімен «Адвокат қызметіндегі арнайы білім: жалпы сұрақтар мен қиындықтар» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.      

Іс-шара барысында адвокаттық қызметте арнайы білімді қолданудың өзекті мәселелері, сот сараптамасының дамуы және құқықтық практикаға жаңа технологияларды енгізу бағыттары талқыланды.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі