«Новопэк» ЖШС -да азаматтарды қабылдау.

«Новопэк» ЖШС -да азаматтарды қабылдау.

           

        2025 жылғы 05 желтоқсанда қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаменті облыстық «AMANAT» партиясымен бірлесіп, «Отбасы банк» АҚ, Ақмола облысы адвокаттар алқасы мен аумақтық нотариалдық палатасы және сот орындаушылар, заң консультанттары палаталары өкілдерінің қатысуымен «Новопэк» ЖШС -да азаматтарды қабылдау өткізді.

          Аталған шараның мақсаты – жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.

          Кездесу барысында жүгінген азаматтарға алимент өндіру, ипотекалық несиелеу мәселелері, банктік шоттардағы тыйым салуларды алып тастау, банк қарыздарын өтеу, қаржы сауаттылығы, зейнетақы төлемдері мен басқа да құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетілді.   

        Сондай-ақ, білікті заң көмегін алу, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін және кешенді әлеуметтік заң көмегін алудың тәртібі мен мүмкіндіктері сондай-ақ, «ЖИ-цифрлық көмекшісі» арқылы заң көмегін көрсету (чат-бот) және «Заң және тәртіп» цифрлық сервисін қолдану бойынша ақпарат ұсынылды.



Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі