
Ақмола облысының Әділет департаменті көрсететін маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау болып табылады. Бұл қызмет азаматтар мен ұйымдарға сот шешімдерін және атқарушылық құжаттарда бекітілген басқа да міндеттемелерін орындауға көмектеседі.
Бұл қандай қызмет және ол не үшін қажет?
Атқарушылық іс жүргізу –бұл борышкерлер орындауға міндетті соттың және басқа органдардың шешімдерін мәжбүрлеп орындау процесі. Егер сот шешімі өндіріп алушының пайдасына шығарылса, бірақ борышкер оны өз еркімен орындамаса, мемлекет мәжбүрлеп өндіріп алу тегін ұсынады.
Рәсімді бастау үшін өндіріп алушы атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтінішпен жүгіну қажет.Бұл процесс Қазақстан Республикасы Әділет министірінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығымен регламенттелінген.
Қызметті қалай алуға болады ?
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі
2025 жылы Ақмола облысында атқарушылық іс жүргізуді қозғау бойынша 88 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Негізінен азаматтар көрсетілген қызметті беруші арқылы аумақтық әділет органдарына жүгінген. Алайда, бұл қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және eGov.kz порталы арқылы алуға ыңғайлы әрі қолжетімді екенін атап өткен жөн. Бұл өтініш берушінің қалауына байланысты құжаттарды тапсырудың ең қолайлы әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Әрбір өтініш беруші өз құжаттарын тапсырудың өзіңе ыңғайлы әдісін таңдайды. Алайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы мен eGov.kz порталдын пайдалану уақытты едәуір үнемдейді,мемлекеттік мекемелерге бару қажеттілігін жояды және қызметті алу процесін барынша ыңғайлы етеді.
Сот орындаушыларының
қызметін реттеу және
бақылау бөлімінің
бас маманы Жулдыз
Жаксылыковна