
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Ақмола облысының Әділет департаментінде құқықтық мәдениетті арттыру, сондай-ақ қызметкерлер арасында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидаттарын нығайту мақсатында дөнгелек үстел іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара Департамент басшысының орынбасары Медет Едрисов төрағалығымен, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің сыбыйлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері Аманжол Құсайынов, және бөлім басшылары мен қызметкерлерімен өтті.
Спикер мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауының маңыздылығын атап өтіп, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы баяндама жасады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл әрбір қызметкердің жауапкершілігі маңызды болып табылатын жүйелі қызмет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жеке таңдаудан басталады – принципшілдік, сана сезімділік және кез келген жағдайда заң аясында әрекет етуден» - деп атап өтті Аманжол Құсайынов.
Соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылған материал қызметте пайдалы болатынын және ұжымдағы парасаттылық мәдениетін нығайтатынын атап өтті.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі