Ақмола облысы Әділет департаментімен «Ақмола –адалдық алаңы» «Болашаққа бағдары: рухани жаңғыру» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді.

Ақмола облысы Әділет департаментімен «Ақмола –адалдық алаңы»  «Болашаққа бағдары: рухани жаңғыру» тақырыбымен дөңгелек үстел  өткізілді.

      А.ж. 14 қазанында  Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы жанындағы   «Рухани жаңғыру»  Өңірлік жобалық  кеңсесімен  бірлесіп «Ақмола –адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі қызметі шеңберінде Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттар басқармасы мен облыстық мәдениет,облысытық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы мен сондай-ақ, білім және туризм басқармаларының қатысуымен «Болашаққа бағдары: рухани жаңғыру» тақырыбымен дөңгелек үстел шарасы ұйымдастырылып өткізілді.

        Аталған шараның мақсаты-халықтың өз жерінің дәстүрлеріне, тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін жандандыру, рухани байыту, халықтың бай дәстүрлерін сақтау және танымал ету, табиғатқа және қоршаған әлемге ұқыпты қарау, ішкі туризмді жүйелі дамыту, патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру арқылы жоғары адамгершілікті қалыптастыру болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар "Рухани Жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесі басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндамаларын, сондай-ақ "Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында білім, мәдениет, архивтер мен құжаттама, туризм, білім басқармасы өкілдерінің баяндамаларын тыңдады.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

Баспасөз қызметі