
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақмола облысы Әділет департаментінің қызметкерлеріне арналған оқу өткізді.
Оқу барысында қатысушыларға слайдтар мен көрнекі материалдар ұсынылып, азаматтық қорғаныс саласындағы заңнаманың негізгі ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ Ақмола облысындағы азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы туралы ақпарат берілді.
Ерекше назар төтенше жағдайлар туындаған кезде халық пен аумақтарды қорғауды ұйымдастыру мәселелеріне, дабыл белгілері түскен жағдайда персоналдың іс-қимыл тәртібіне және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне аударылды.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі