«Қазіргі кезеңдегі отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу: заңдылық пен тәртіпті нығайтудың құқықтық, әлеуметтік және мәдени аспектілері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді

«Қазіргі кезеңдегі отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу: заңдылық пен тәртіпті нығайтудың құқықтық, әлеуметтік және мәдени аспектілері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді

2025 жылғы 30 қазанда Ақмола облысының Әділет департаменті Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңдегі отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу: заңдылық пен тәртіпті нығайтудың құқықтық, әлеуметтік және мәдени аспектілері» тақырыбында «Заң және тәртіп қоғам тұрақтылығының негізі ретінде» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

         Дөңгелек үстелге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Прокуратураның, Полиция департаментінің, Ақмола облысының адам құқықтары және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің, "Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ Ресейдің бірқатар жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

         Талқылау барысында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сондай-ақ отбасындағы жанжалды жағдайларды ерте анықтау және алдын алу механизмдері қарастырылды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық механизмдерін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.        

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі